АСТАНА, 3 ақп – Sputnik. AstanaProTeam қазақстандық клубының украин велошабандозы Андрей Гривко Марсель Киттельді бетінен бір ұрғаны үшін көп күндік Дубай Турынан шеттетілді.
Оқиға жарыстың үшінші кезеңінде 2 ақпан күні болды: Гривко Киттелді кезеңнің басында ұрып жібереді, Киттель жарақат алғанына қарамастан, бұл кезеңде жеңіске жетеді. Алайда мәреге жеткен соң, ол Гривконы жазалауды талап етті.
"Астана" Киттель мен оның құрамасынан кешірім сұрағанымен, жәбірленуші украин шабандозын ұзақ уақытқа дисквалификациялауды сұрайды.