Саясат

Саясаттанушы Сирия жөніндегі келіссөздердегі Қазақстанның рөлі туралы айтып берді

© Sputnik / Murad OrujovФикрет Садыхов
Фикрет Садыхов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұрынғы дипломат, саясаттанушы Фиктрет Садыхов Астанада өткен сирияаралық келіссөздердің ұйымдастырылуы, сонымен қатар Қазақстанның осы процесстегі рөлі туралы айтып берді.
Политолог рассказал о роли Казахстана в переговорах по Сирии в Астане

"Қазақстан бұл кездесудің ұйымдастырушысы ғана болған жоқ. ҚР сыртқы істер министрі келіссөздерге белсенді қатысып, өз ұстанымын білдірді. Қазақстан қандай да бір біріктіретін буынның тек модераторының ғана рөлін ойнаған жоқ, іс жүзінде әзірлік пен кездесуде маңызды рөл атқарып, оған Сирияның басқару режимі, оппозиция, Ресей, Түркия, Иран тағы басқалардың қатысуын қамтамасыз етті", — деп санайды Садыхов. 

Оның сөзіне қарағанда, қатысқан тараптар арасында біраз келіспеушіліктер болған. Нәтижесінде барлығының келіссөздер үстеліне отыруы, қазақстандық дипломатияның еңбегі. Бұл елдің Орталық Азиядағы рөлінің артып жатқанын білдіреді. Сондай-ақ сарапшы Sputnik Әзербайжанға АҚШ-тың неліктен Астанадағы келіссөздер контекстіне үйлесе алмағаны туралы айтып берді. 

Астанада 23-24 қаңтарда — екі күн бойы жабық есікте сириялық қақтығысты реттеу жөніндегі келіссөздер өтті.   


Жаңалықтар
0