Мәдениет

Эстонияда табылған Қазақстан жауынгерінің сүйегі Семейде жерленеді

© Photo : пресс-служба министерства обороны РКНиколай Сорокиннің суреті
Николай Сорокиннің суреті - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ұлы Отан соғысына қатысушы, қатардағы жауынгер Николай Сорокиннің сүйегі Семейде жерленеді

АСТАНА, 2 ақп – Sputnik.  Эстонияда табылған Қазақстан жауынгерінің сүйегі қазір Астанаға жеткізілген, ҚР Қарулы күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында барлық әскери жоралғылар жасалып, еске алу шаралары өткізілді деп хабарлайды ҚР қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі. 

"Іздестіру іс-шараларының нәтижесінде "Ерлігі үшін" медалімен бірге Николай Федорович Сорокиннің сүйектері табылды. Медалдің нөмірінің арқасында оның өзін анықтауға мүмкіндік болды, содан соң жақындары мен туыстарын іздестірдік. Сарбаздың сүйектерін туған жеріне қайтарғанымызға өте қуаныштымыз", — деді эстондық "Front Line" Әскери-тарихи бірлестіктің өкілі Андрей Лазурин. 

1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының қазақстандық сарбазы қатардағы жауынгер Николай Сорокин 1944 жылы неміс басқыншыларынан Эстонияны азат етуде қаза болған. Жерлеу рәсімін әскери қызметшінің туған қаласы Семейде өткізу жоспарланып отыр. 

Жаңалықтар
0