АСТАНА, 2 ақп – Sputnik. Тәуке хан және Аймауытов көшелерінің қиылысында болған жол апаты туралы хабар Шымкент полициясына 1 ақпан күні кешкісін келіп түскен.
"Оқиға орнына аттанған полицейлер №93 автобус пен №77 "ГАЗель" жолаушылар көлігі соқтығысқанын анықтады. Көлік апаты нәтижесінде маршрутка шопыры мен сегіз жолаушыға медициналық көмек көрсетілді, тағы бір жолаушы ауруханаға жатқызылды", — деп хабарлады Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі істер департаментінде.
Бұл дерек бойынша ҚР ӘҚБК 610 бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Екі автокөлікте айыппұл тұрағына жеткізілді. Тексеру жүргізілуде.