Өңірлер

Бейсенбіде Қазақстанның оңтүстігі мен шығысында жауын шашын күтіледі

© Sputnik / Болат ШайхиновҚар
Қар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстаның бірнеше өңірінде қатты қар жауып, тұман, көктайғақ күтіледі

АСТАНА, 2 ақп – Sputnik. Қазақстан аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа-райы сақталады, кей жерлерде қар жауады, республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығысында жауын-шашын күтіледі, деп хабарланады ҚР ІІМ ТЖ комитетінің сайтында.

Кей жерлерде тұман, көктайғақ болып, бұрқасынмен желдің күшейуі күтіледі. Қостанай облысының  кей жерлерінде, жаяу бұрқасын, кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді,тұман болады.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман болып, жел 15-20 м/с күшейеді. Қарағанды, Павлодар облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман болады.

Атырау, Батыс Қазақстан  облыстарының кей жерлерінде бұрқасын болып, жел 15-20 м/с күшейеді. Алматы облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, Жалаңашкөл ауданында жел 17-22 м/с күшейеді.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, Жамбыл облысының кей жерлерінде, Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде таңертең және күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Маңғыстау облысының кей жерлерінде  көктайғақ, бұрқасын  болып, жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақтөбе облысының  кей жерлерінде жаяу бұрқасын болады, жел 18 м/с күшейеді. Шығыс Қазақстан  облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болып, түнде және таңертең туман болады, жел 15-20 м/с күшейеді.


Жаңалықтар
0