АСТАНА, 1 ақп — Sputnik. Астанадағы Сығанақ және Қабанбай батыр көшелерінің қиылысындағы жол апатынан кейін жиырма алты жастағы жүргізуші ауыр хәлде жатыр.
ЖКО орнынан апаттың мән-жайы мен суреті әлеуметтік желіде және WhatsApp-та тарады. Хабарламада көзімен көрушілер апаттан қатты зардап шеккен жас жігіттің туыстары мен таныстарын іздестірді.
Көзімен көрушілердің хабарламасына сәйкес, соқтығысу түнгі сағат 11-лерде орын алған. BMW х5 жол талғамайтын көлігі бағдаршамның қызыл сигналына өтіп, өшіп жанып жатқан жасылға бұрылған "Ладаны" соқты. Соққы жүргізушінің жағына келген.
"Науқас 26 жастағы Байғозиев бүгін түнде травматология ұлттық зерттеу институтына өте ауыр хәлде түсі. Бас миы қатты зақымданып, бас сүйегі сынған. Төс қуысы сынып, өкпесі зақымданған. Қазіргі уақытта науқасты жасанды тыныс алу аппараты және препараттармен ұстап отыр", — деді Sputnik Қазақстанға Травмотология және ортопедия ҰЗИ-дің анестезиология және жансақтау бөлімінің палаталық реаниматолог дәрігері Ербол Төлегенұлы.
Дәрігердің сөзіне қарағанда, бүгінгі таңда науқастың аса ауыр хәлі әлі де сақталуда. Қалпына келу және емделу болжамы туралы айту әзірге ерте.
Бұл ретте BMW жүргізушісі жарақаттармен ауруханаға жеткізілген, тексеруден кейін ол үйіне жіберілді.
Елордалық ішкі істер департаментінде 31 қаңтарда орын алған жол апты дерегі бойынша анықтау жүргізілп жатқанын хабарлады.