АСТАНА, 1 ақп – Sputnik. Елордалық құтқарушылар 27 қаңтар күні мектеп маңындағы құдыққа түсіп кеткен алтыншы сынып оқушысына барып қайтты деп хабарлайды Астана қаласы төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің баспасөз қызметі.
Құтқарушыларды айтуынша, Сергей Лупановтың әрекеті көпшілікке үлгі боларлық, себебі сондай қиын жағдайға тап болса да, сасқалақтамай, құтқару қызметіне хабарласқан.
Сергейдің анасы құтқарушыларға зор алғысын білдірді, Татьяна Васильевна сұмдық оқиғаны еске алғанда, көзіне жас алды.
"Сол күні балам хабарласып, концертке баратынын, үйге кеш қайтатынын ескертті, яғни мектептен соң концертке, кейін үйге келіп, киімдерін алады да, әрі қарай "Қазақстан" спрот кешеніне суға жүзуге барады. Өздеріңіз ойлаңыздаршы, баланы кешкі сағат 8-де ғана іздер едік, оның үстіне кешеннің аумағынан қарайтын едік. Байланыс ұстамағанда, қатып өлер ме еді, кім білсін", — дейді Сергейдің анасы.