Спорт

Универсиада-2017: шведтер қазақ хоккейінен сабақ алды

Жазылу
Қазақстанның ерлер құрама командасы сейсенбі күні қысқы Универсиаданың ширек финалына өтті

АСТАНА, 1 ақп – Sputnik. Швеция құрама командасының бас бапкері Горан Тарнлунд шәкірттері топтық ойындарда Қазақстан құрамасынан ұтылып қалған соң, қазақ хоккейшілерінен үйренеріміз көп деп мойындады.

Хоккей - Sputnik Қазақстан
Спорт
Универсиада-2017: Қазақстан Қытайға әр үш минутта шайба кіргізді

Сейсенбі күні Қазақстан құрамасы Швеция командасын А тобындағы матчта 5:0 есебімен ойсырата ұтты. 

"Қазақстан құрамасының хоккейді жақсы ойнайтынын білгенмін, бүгін олар бізге сабақ үйреткендей болды: Қазақстан құрамасынан үйренеріміз көп", — деді Тарнлунд матчтан кейінгі баспасөз мәслихатында.

Жұма күні 3 ақпанда Қазақстан және Чехия құрамалары топтағы бірінші орын үшін таласатын болады. 

Жаңалықтар
0