Өңірлер

Алматылық дәрігерлер FISU құрметті мүшесінің өмірін арашалап қалды

© Sputnik / Баубек КоныровЖүрекке ота жасау
Жүрекке ота жасау - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жүрекке жасалған ота сәтті шықты: дәрігерлер Ристо Ниеминенді сәрсенбі немесе бейсенбіде ауруханадан шығаруды жоспарлап отыр.

АСТАНА, 31 қаң — Sputnik. FISU құрметті мүшесі Ристо Ниеминен Алматыда бір күн бұрын жүрек талмасымен ауруханаға түскен, деп хабарлады Универсиада дирекциясының жетекшісі Наиль Нуров. 

"Кеше қонақтарымыздың бірі, FISU құрметті мүшесі Ристо Ниеминен өзін нашар сезінді, — деп мәлім етті Наиль Фаридович. – Оның жүрек талмасы ұстап қалды. Өкінішке орай ол ауруханаға жатқызылып, бірақ оған өте сәтті ота жасалды. Ол аурухананың жалпы бөлімінде жатыр. Дәрігерлер делегаттың денсаулығына жақсы баға беріп отыр. Ертең немесе арғы күні ауруханадан шығарылуы мүмкін". 

Қолда бар деректерге сәйкес, Ристо Ниеминен 54 жаста. Жүрек талмасы қандай да бір физиологиялық немесе психологиялық шамадан тыс жүктемелерге байланысты болмаған. 


Жаңалықтар
0