Владислав "Үмітте" 2007 жылдан бастап тұрады. Сол жерде ол вокал және музыкамен шұғылдана бастаған. Қазір ол 10-шы сыныпта оқиды. Оның жасындағы барлық балалар секілді футболға қызығады. Өз келешегін Владислав тек сахнамен байланыстырады. Ол әлемдік класстағы вокалшы болатынына сенімді.
"Ты супер!" жобасы ата-анасының қамқорысыз қалған дарынды балаларға өздерін көрсетуге мүмкіндік сыйлайды. ТМД және Балтық кеңістігіндегі музыкалық дарындарды Армения, Беларусь, Грузия, Молдова, Қазақстан, Қырғызстан және Эстонияны қосқанда 9 елдің балалары ұсынады.
Балалар вокалдық шоуының алғашқы шығарылымы 11 ақпан күні сағат 20.00-де НТВ телеарнасында өтеді. Sputnik ақпараттық агенттігі және радиосы "Ты супер!" таланттар шоуының халықаралық ақпараттық серіктесі ретінде жобаның Қазақстандағы жас қатысушылары: НТВ-ның алдын ала жүргізген кастингі барысында таңдалған Владимир Сарафутдинов (Орал), Владислав Лоскутов (Өскемен), Сабанқұлова Рано (Қызылорда) және Корнеев Романға (Алматы) қолдау білдіреді.