Оқиға

Теміртауда бес қабатты үйдің шатырынан құлаған оқушы қаза тапты

© Sputnik / Алексей МальгавкоКөп қабатты үй
Көп қабатты үй - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жеткіншек ауруханада көз жұмды, болған оқиғаның себептері мен мән-жайлары анықталуда

АСТАНА, 31 қаң — Sputnik. Жетінші сынып оқушысы, алдын ала болжам бойынша, көп қабатты үйдің шатырынан секіріп, өзіне қол салған, деп хабарлайды Қарағанды облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі. 

Қайғылы оқиға 29 қаңтарда орын алған. Болжам бойынша бала бес қабатты үйдің шатырынан секірген. Жеткіншекті көзімен көрушілер тапқан. 

" Бала Теміртаудың орталық ауруханасына жеткізілген. Онда көптеген жарақаттар, сынулар, ішкі ағзаларының үзілуі болған. Дәрігерлер қолдан келген бар шараларын жасады. Бірақ жарақаттары тым ауыр болған. Ауруханада болған бір сағатқа жетпейтін уақытта бала көз жұмды", — деп хабарлады Sputnik Қазақстанға Қарағанды облысы денсаулықсақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айжан Иса. 

Полицияда болған оқиғаның себептері мен мән-жайлары анықталып жатқанын хабарлады. Тергеу жүргізілуде.

"Бұл дерек ҚР ҚК-нің 105-бабы "Өзін өзі өлтіруге дейін жеткізу" бойына Сотқа дейінгі бірыңғай реестрінде тіркелді", — деп хабарлады ІІД-нің баспасөз қызметінде. 

БАҚ-тың деректеріне сәйкес, бала қарда хат қалдырған, онда ол туыстарынан кешірім сұрап, оларды жақсы көретінін жазған.  

 

 

Жаңалықтар
0