АСТАНА, 31 қаң — Sputnik. Қазақстан президентінің бұл жолдауы халыққа тікелей бағытталған және адами ресурсқа баса назар аудара отырып, биліктің дамып келе жатқандығының айқын белгісі деді саясаттанушы Ерлан Саиров Sputnik Қазақстан агенттігіне.
"Президент халыққа тікелей үндеу тастап, келесі күні жолдауды жариялайтынын мәлімдеді. Биліктің өзі дамып келеді деп айтуға болады. Меніңше, халыққа тікелей үндеу – ең тиімді шешім. Президент үкіметке де, парламентке де толықтай сенуге болмайтындығын түсінді. Халықтың басым көпшілігі үкіметке де, парламентке де сенбейді, өйткені олар қауқарсыз екендіктерін көрсетті. Басқа да жағымды тұстары бар – билік адами ресурсқа немесе адам әлеуетінің даму индексіне назар аударылды. Адами ресурс болмаса, инновациялық даму да болмайды, себебі олар өзара байланысты", — деді Саиров.
"Меніңше, Қазақстанның болашағы инновациялар мен ғана емес, дамудың басқа бағыттарымен де байланысты, оның ішінде ауыл шаруашылығы өндірістік кешені. Біз жер ресурсіне бай елміз, соны пайдалану керек. Қазір де әлеуметтік белсенділік тудыра аламыз, яғни бес мыңнан астам ауылдық ұжымдарды құру қарастырылады. Адамдар бірлесіп жаңа, игілікті іс жасайды", — деп атап өтті саясаттанушы.