Экономика

Қазақстан цифрлық технологияларды дамытатын болады

© Public DomainИнтернет, компьютер
Интернет, компьютер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанда IT-стартаптар халықаралық технопаркін құру жоспарланып отыр.

АСТАНА, 31 қаң – Sputnik. Қазақстанда цифрлық технологияларды дамытуды қарастыратын "Цифрлық Қазақстан" бағдарламасы әзірленеді. 

"Біз цифрлық технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендетуге тиіспіз. Бұл – маңызды кешенді міндет", — делінген Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ел халқына арнаған жолдауында. 

Мемлекет басшысы, елде 3D-принтинг, онлайн-сауда, мобильді банкинг, цифрлық қызмет көрсету секілді денсаулық сақтау, білім беру ісінде қолданылатын және басқа да перспективалы салаларды дамыту керек деп санайды. 

"Бұл индустриялар қазірдің өзінде дамыған елдердің экономикаларының құрылымын өзгертіп, дәстүрлі салаларға жаңа сапа дарытты", — делінген құжатта.

Назарбаев, Үкіметке "Цифрлық Қазақстан" жеке бағдарламасын әзірлеуді және қабылдауды тапсырды. 

Президенттің пікірінше, сондай-ақ, коммуникацияның дамуы мен оптикалық-талшықты инфрақұрылымға жаппай қолжетімділікті де қамтамасыз ету керек. "Цифрлық индустрияны дамыту басқа барлық салаларға серпін береді. Сондықтан Үкімет ІТ саласын дамыту мәселесін ерекше бақылауда ұстауға тиіс", — делінген жолдауда.

Үкімет "ЭКСПО-2017" нысандарының бірінің базасында IT-стартаптар халықаралық технопаркін құруы тиіс.

"Ол әлемнің барлық елінен кәсіпкерлер мен инвесторлар тартудың платформасы болуға тиіс. Бұл үшін тиісті инфрақұрылым және салық жеңілдіктерін, оңайлатылған виза мен еңбек режімін қоса алғанда, қолайлы жағдай керек", — деп көрсетілген жолдауда. 

"Біз жоғары оқу орындары, Назарбаев Университеті және "Алатау" иннновациялық технологиялар паркі базасында өзіміздің ғылыми және инновациялық әлеуетімізді дамытуымыз керек", — деді президент.


Жаңалықтар
0