Өңірлер

Сейсенбіде қазақстандықтарды жауын-шашынды ауа райы күтеді

© Sputnik / Руслан Шамуков / Медиабанкке өтуТұман
Тұман - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанның бірнеше аумағында тұман, көктайғақ болады деп күтіледі

АСТАНА, 31 қаң – Sputnik. Қазақстан аумағының басым бөлігінде  тұрақсыз ауа-райы сақталады, кей жерлерде жауын-шашын болады, оңтүстік облыстарда қатты жауын-шашын күтіледі, деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖ комитеті. 

Кей жерлерде тұман, көктайғақ, желдің күшейуі күтіледі, оңтүстік-батыста жел жаяу бұрқасынмен болады.

Жамбыл, Қызылорда, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20, Жамбыл облысында екпіні 25, оңтүстік-батыс облысында кей уақыттарда 30 м/с аса күшейеді.

Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел 15-20, түнде екпіні 23 м/с күшейеді. Алматы облысының кей жерлерінде түнде тұман болып, күндіз жел 15-20, Жалаңашкөл ауданында 25 м/с күшейеді.

Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. Маңғыстау облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын күтіледі.


Жаңалықтар
0