Саясат

Елбасының жолдауы 31 қаңтарда БАҚ-та жарияланады

© Photo : Официальный сайт президента Республики КазахстанНұрсұлтан Назарбаев
Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Қаситетті Отанымыз тәуелсіздіктің үшінші мүшеліне аяқ басты. Қазақстан қысқа мерзім ішінде кемелденіп, қуат толысқан сақа мемлекетке айналды. Ширек ғасырда біз елімізді түбегейлі өзгерткен екі жаңғыруды іске асырдық", - деді Нұрсұлтан Назарбаев

АСТАНА, 30 қаң — Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы алғаш рет БАҚ-та жарияланатын болады. 

"Ертең қаңтардың отыз бірінде менің халыққа Жолдауым бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады", — деді Назарбаев арнаулы мәлімдеме барысында.

"Мен биылғы Жолдауымда ел дамуына тың қарқын беретін жаңа бағдарды ұсынбақпын. Басты тақырып – "Қазақстанның үшінші жаңғыруы" деп аталады. Бұл еліміздің экономикалық дамуының инновациялық өзегіне айналып, бәсекеге қабілеттілігін арта түсуі тиіс. Біз сандық технологияларға негізделген болашағы зор бағыттарға айрықша мән беретін боламыз. Ал білім беру, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау және баспанамен қамтамасыз ету сияқты маңызды салалар қашанда басты назарда қала бермек", — деді мемлекет басшысы.


Жаңалықтар
0