АСТАНА, 30 қаң — Sputnik. Қазақстан Республикасындағы адам құққтары жөніндегі уәкілі Асқар Шәкіров Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталыққа жаңа басшысы – Серік Оспановты таныстырды деп хабарлайды омбудсмен баспасөз қызметі.
Оспанов Серік Жәмекұлы 1964 жылы 1 шілдеде Гурьев қаласында дүниеге келген. 1986 жылы В. И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын, ал 2000 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін бітірген.
1992-2004 жылдары Маңғыстау облысында басшылық қызметте болған. 1996-2004 жылдары Ақтау қаласының әкімі, Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.
2004-2016 жылдары Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің депутаты болып үш рет сайланды.