Спорт

Астана "Жұлдыздар матчы 2018" өткізу құқығы үшін дауыс беруде жеңіске жетті

© Официальный сайт ХК "Барыс""Барыс" - "Салават Юлаев"
Барыс - Салават Юлаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Жұлдыздар матчы 2018" өткізу үшін жанкүйерлердің дауыс беруі кезінде, Астана Казань, Владивосток және Хельсинки қалаларын айқын басымдылықпен озып кетті

АСТАНА, 28 қаң – Sputnik. Елордамыз Құрлықтық хоккей лигасының Жұлдыздар матчы 2018 өткізу құқығын дауыс беру кезінде жеңіп алды деп хабарлайды "Барыс" хоккей клубының баспасөз қызметі.

"ҚХЛ ресми сайтында "Жұлдыздар матчы 2018 қай қалада өтуі тиіс?" деген сұрақ бойынша дауыс беру аяқталды. Жанкүйерлердің басым көпшілігі – 71% Астанаға дауыс берді", — делінген хабарламада.

ҚХЛ-ның Жұлдыздар матчы қайда өтетіні туралы нақты шешімі биыл мамыр айында белгілі болады. 

Жаңалықтар
0