АСТАНА, 28 қаң — Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трамп тиімді тежеу мен одақтастарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қорғаныс министрлігі басшысына елдегі ядролық күштерді зерттеуді тапсырды деп хабарлайды РИА Новости.
"Қорғаныс министрі АҚШ-тың ядролық тежеуі заманға сай, мықты әрі кез келген сәтте дайын болып, ХХІ ғасыр қауіп-қатеріне төтеп беріп әрі одақтастарымызды қорғайтындай болу үшін ядролық күштердің қалпын тексеретін сараптама жүргізуі тиіс", — делінген жұма күні АҚШ басшысы қол қойған құжатта.
Бұдан бөлек, Пентагон ПРО жүйесіне сараптама жүргізеді, бұл АҚШ мүддесінің балансын қамтамасыз етіп, негізгі қаржыландыру салаларын анықтап беретін болады.