Оқиға

"Емделушілердің қалтасын қағуға" шақырған аурухана бас дәрігері қызметтен босатылды

© Sputnik / Юлия КузнецоваАурухана
Аурухана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алматы қаласының №7 ауруханасының бас дәрігері өз әріптестеріне қажет емес ақылы зерттеулер тағайындап, емделушілердің "қалтасын қағу" туралы ұсыныс берген

АСТАНА, 27 қаң – Sputnik. Дәрігер өз әріптестерін "емделушілердің қалтасын қағуға" шақырған сәті түсіп қалған аты шулы бейненің кейіпкері анықталып, қызметінен босатылды.  

Бір-екі күн бұрын WhatsApp мессенджері мен Facebook әлеуметтік желісінде медицина қызметкерлері кеңесінің  бейнесі жарияланды. Онда басшы қосымша ақылы қызметтерге емделушілердің "қалтасын қағу қажеттілігі туралы айтқан. Денсаулық сақтау министрлігі тексеру жүргізіп, бейнежазбаның кейіпкерін анықтады. Ол алматылық №7 аурухананың бас дәрігері Аманов А.Т. болып шықты. 

"Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының 2017 жылдың 27 қаңтарындағы бұйрығымен №7 қалалық клиникалық ауруханасының бас дәрігері Ә.Т.Аманов қызметінен босатылды", — делінген басқарманың хабарламасында.

Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының бұйрығымен құрылған комиссиясы видеоның 2015 жылы №4 қалалық клиникалық ауруханасындағы кезекті жиналыста түсірілгенін анықтады. Жиналысты аурухананың бұрынғы бас дәрігері Аманов өткізген. Ол 2016 жылы ауысып №7 қалалық аурухананың бас дәрігері қызметіне тағайындалған. Тексеру жалғасып жатыр. 

Бас дәрігердің міндетін атқарушы ретінде аурухана басшысының орынбасары Жадыра Шерияздан тағайындалды. 


Жаңалықтар
0