АСТАНА, 27 қаң – Sputnik. Демалыс күндері күн бұлтты және жауын-шашын басымырақ болады, деп хабарлайды Қазгидромет метеоқызметі.
28-30 қаңтарға арналған ауа райы болжамына сәйкес, тез өзгеретін атмосфералық процесстер ауа-райының қарқынды өзгеруіне алып келеді.
"Міне, алдағы демалыс күндері және келесі аптаның басында, Қазақстан кезектесіп тұрған атмосфералық фронттар мен антициклонның ықпалында болады. Ауа-райы көбінесе жабырқаңқы, жауын-шашынды және қысқа мерзімді ашық болумен күтілуде",- делінген хабарламада.
Батыс және орталық облыстарда ауа температурасының жоғарылауы, солтүстікте төмендеуі, шығыс және оңтүстікте жоғарылауы күтіледі, сосын күн қайта суытады. Жалпы температура нормадан жоғары болып сақталады, тек батыста ғана нөлге жуық және 2-3ºС нормадан төмен болады.