Өңірлер

Қарағанды облысының билігі "экстремальды" көктемге дайындық үстінде

© Sputnik / Елена Бережнаятасқындар
тасқындар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әбдібеков жерлердегі барлық әкімдерге мамандармен бірге кез келген тәсілмен өзендердің басына шығып, алдағы тасқындар маусымына болжамдар жасауды тапсырды

АСТАНА, 27 қаң – Sputnik. Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков орталық өңірдің барлық өзендерінің жоғарғы жағын зерттеуді тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Облыс тасқандар бойынша болуы мүмкін экстремальды жағдайға дайындықты бастады. Осындай ерте қаңтарлық алаңдауға себеп облыстық табиғи ресурстар мен табиғатты пайдалануды реттеу басқарамасы мамандарының болжамы болды. Жұма күнгі облыс әкімдігінде өткен кеңестің қорытындылары бойынша  өңір басшысы алдағы қардың еруіне қазір дайындалу қажеттігін атап өтті. 

"Ағымдағы жылы ылғалдылық жинау бойынша 2016 жылғыдан төмен емес. Егер өткен жылдардың сценарийі бойынша су тасқындары боса, біз онда дайын боламыз. Біз оны бұрын өткеріп қойғанбыз. Тәжірибе бар. Дегенмен, экстремальды жағдайға дайындалған жөн", — деді Әбдібеков. 


Жаңалықтар
0