Қоғам

Украин тележүргізушісі Алматы әуежайынан көгерген уылдырық алғандығын айтып шағымданды

© Sputnik / Медиабанкке өтуҚара уылдырық
Қара уылдырық - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тележүргізуші Регина Тодоренко Алматы әуежайында Duty free-ден сатып алған дәміне разы емес

АСТАНА, 27 қаң – Sputnik. Танымал украин тележүргізуші және әнші Регина Тодоренко әлеуметтік желі қолданушыларына Алматы әуежайынан көгеріп кеткен қара уылдырық сатып алғандығын айтып шағымданды.

"Өмірімде алғаш рет қара уылдырық сатып алған едім. Ашып қарасам, көгеріп кетіпті. Алматыдағы Duty free қызметкерлерінен бірнәрсе сұрағым келеді: көгеріп кеткен өнімді қалай ұсынасыздар? Оның үстіне, қара уылдырықты бес жылда бір-ақ рет сатып алуға шамаң келмей ме", — деп сұрайды Тодоренко Instagram парақшасында жариялаған бейнежазбада.

Жаңалықтар
0