Өңірлер

Үшіншісі сыйлық ретінде: Маңғыстау тұрғыны егіздің орнына үшемді дүниеге әкелді

© Sputnik / Сергей Гунеев / Медиабанкке өтуСәби
Сәби - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Дәрігерлер УЗИ-де үшінші нәрестені байқамағандықтан, әйел егіз босанады деп күтіп жүрген

АСТАНА, 27 қаң – Sputnik. Ақтауда Шетпе кентінің 33 жасар тұрғыны егіздің орнына үшем дүниеге әкелді деп хабарлайды Маңғыстау облыстық перинаталдық орталығы.

перзентхана - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қазақстанда Жаңа жыл қарсаңында 900-ден астам сәби дүниеге келді

Үшемнің анасы Ақмаралдың айтуынша, — соңына дейін "егіз" деп күтіп, үшем екенін білмеген. Енді алтын құрсақ ана "Алтын Алқа" иегері болады.

Бірінші болып салмағы 2 килограмм 270 грамм қыз бала дүниеге келді, екіншісі ұл бала – салмағы 2 килограмм 480 грамм, үшіншісі қыз бала – 1 килограмм 980 грамм. Сәбилерге Медина, Нұрислам, Адина деген есімдер берілді.

Дәрігерлердің айтуынша, балалар сәл шала туылғанымен, денсаулықтары дұрыс.  

Жаңалықтар
0