АСТАНА, 27 қаң – Sputnik. Бішкек түбінде апатқа ұшыраған Boeing жүк ұшағы Қырғызстандағы "JTI Kazakhstan LLC" компаниясы өкілдігінің жүгін тасымалдаған деп хабарлайды Қырғызстанның мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті.
МҰҚК мәліметінше, апат кезінде ұшақ бортында 76 тонна жүк болған (тұрмыстық техника, ұялы телефонға арналған аксессуарлар және т.б.), ұшақтың шектік жүк көтеру мөлшері 116 тонна.
Сонымен қатар, бортта салмағы 2 тоннадай USB-оттықтар (электр оттықтар) болған. Бұл тауарға Қырғыз Республикасындағы "JTI Kazakhstan LLC" компаниясы өкілдігі тапсырыс беріп, Гонконгтан Стамбулға жеткізілуі тиіс еді.