АСТАНА, 27 қаң – Sputnik. Өскемен хоккей клубы "Торпедо" мен қарағандылық "Сарыарқа" бейсенбіде өткен Жоғары хоккей лигасының жүйелі маусымындағы кезекті турдан кейін әзірге бірінші және екінші орындарын сақтап қалды.
"Торпедо" Санкт-Петербургте жергілікті "Динамоға" 2:3 есебімен жеңіліп қалды. "Торпедо" осы ойыннан кейін 94 баллмен алғашқылықты сақтап қалды.
"Сарыарқа" сол күні Балашихада өзге динамолық ұжымнан 0:3 есебімен жеңіліп, екінші позицияда қалды.
Алайда сенбі, 28 қаңтар күні оны үшінші орынға санкт-петербургтік "СКА-Нева" ығыстыруы мүмкін. Олардың да қарағандылықтар секілді 90 ұпайы бар, бірақ олар бір ойын кем ойнаған.