Өңірлер

Жұма күні тұрақсыз ауа райы болжанады

© Sputnik / Евгений Биятов / Медиабанкке өтуҚар
Қар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Кей жерлерде жел күшейеді, тұман, көктайғақ болады

АСТАНА, 27 қаң – Sputnik. Республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа-райы сақталады, Оңтүстік облыстарда жауын-шашын болады, тек шығыста, оңтүстік-шығыста жауын-шашынсыз, деп хабарланады ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің сайтында.

Ақмола облысының кей жерлерінде  тұман күтіледі,  түнде бұрқасын болды.

Жамбыл облысының  кей жерлерінде тұман күтіледі,  жел 15-20, күндіз екпіні 23 м/с күшейеді, кей жерлерінде күндіз көктайғақ болады. Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 18-23 м/с күшейеді.

Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с  күшейеді. Қызылорда, Маңғыстау, Қостанай облыстарында, түнде және таңертең Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болып, тұман күтіледі. Павлодар облысының кей жерлерінде бұрқасын болып, жел 15-20 м/с күшейеді. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман болып, жел 15-20 м/с күшейеді.


Жаңалықтар
0