Қоғам

Балағат сөздер айтқан әйел айыппұл төлейді

© SputnikАқша
Ақша - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ақтау қаласының халықаралық әуежайында әйел тасымал қызметінің қызметкеріне балағат сөздер айтты

АСТАНА, 26 қаң — Sputnik. Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында азаматша Б-ға қатысты әкімшілік істі қарады. Оған қоғамдық орындарда былапыт сөйлегені үшін ұсақ бұзақылық жасады деген айып тағылды, деп хабарланады Маңғыстау облыстық сотының сайтында.

"Азаматша Б. Ақтау қаласының халықаралық әуежайында «АТМ GRUP» ЖШС-нің тасымалдауды ұйымдастыру қызметінің агентіне былапыт сөйлеп, боқтап-балағаттап, ар-намысына тиетін сөздер айтып, төңірегіндегілерге сыйламаушылық көрсетіп, әкімшілік құқық бұзушылық жасаған", — делінген хабарламада.

Сот қаулысымен азаматша Б. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 434-бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танылып, оған осы баппен 10  айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде 22 690 теңге әкімшілік айыппұл  жазасы тағайындалды.


Жаңалықтар
0