АСТАНА, 26 қаң — Sputnik. Келіп, көріп, жасанды өнімді сатып алды – осы сызба бойында Қазақстанда азық түлік өнімдерін сатып алу жүзеге асырылады, деп санайды тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі комитетте.
Sputnik Қазақстанда өткен баспасөз конференциясында оның өкілдері әр жетінші тауардың техникалық регламентке сәйкес келмейтіндігі туралы ақпаратпен бөлісті.
"2016 жылдың қорытындысы бойынша 40 796 сынама өңделді, олардың 5872 техникалық регламентке сәйкес келмейтін. Олардың бір бөлігі – қазақстандық өндірушілерінікі (24%), бірақ Ресей Федерациясы өнім өндірушілері басым (61%), 16%-ы Қырғызстан Республикасы, Белоруссия, Украина және Франция секілді елдерге келеді", — деді комитет төрағасының орынбасары Нұрқан Сәдуақасов.