Саясат

Громов: мерзімінен бұрын парламенттік сайлау өткізуге негіз жоқ

© Sputnik / Болат ШайхиновҚР парламенті мәжілісінің отырыс залы
ҚР парламенті мәжілісінің отырыс залы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұдан бұрын саясаткер Сұлтанбек Сұлтанғалиев парламенттің төменгі палатасы таратылуы мүмкін деген пікірді айтқан болатын

АСТАНА, 26 қаң — Sputnik. Сенаттың вице-спикері, билік тармақтары арасындағы өкілеттікті қайта бөлу жөніндегі жұмыс тобының мүшесі Сергей Громов Қазақстанда мерзімінен бұрын парламенттік сайлаудың өткізілу мүмкіндігін жоққа шығарды.

Шахмат - Sputnik Қазақстан
Саясат
Билікті қайта бөлу жөніндегі комиссия мүшесі: референдум болмайды

"Мерзімінен бұрын сайлау өткізуге қандай негіз бар? Ешқандай. Үкімет қызметтен кетіп бара жатқан жоқ, парламент үкіметке сенімсіздігін жариялаған емес. Бүгінде өкілеттікті беру туралы конституциялық өзгертулер сайлау жариялайтындай түбегейлі өзгерістерге әкеп соқтырмайды", — деді Громов сенаттың жалпы отырысынан соң тілшілерге.

"Сын сәті туған кезде, мерзімінен бұрын сайлау өткізіп жатады, бірақ әзірше ондай ахуал туындаған жоқ", — дейді ол.

Жаңалықтар
0