АСТАНА, 26 қаң — Sputnik. Павлодарлықтар XVIII Дүниежүзілік қысқы Универсиаданың Алау эстафетасына ерекше дайындық жасады: жағылған алауды ит шанасы, шаңғы және конькимен алып жүрді.
Эстафета Павлодар мемлекеттік университетінің бас корпусынан басталды. Алауды аты әйгілі конькимен сырғанаушы, Олимпиада-1998 қола жүлдегері, қазіргі Қазақстан құрамасының бас бапкері Людмила Прокашева мен Австрияда хоккейден өткен жастар арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері Милена Қожабекова алып шықты.

Людмила Прокашева
© Sputnik / Владимир Бугаев

Универсиада-2017 алауы Павлодарда
© Sputnik / Владимир Бугаев

Универсиада-2017 алауы Павлодарда
© Sputnik / Владимир Бугаев

Универсиада-2017 алауы Павлодарда
© Sputnik / Владимир Бугаев
