Саясат

Варшава мен Астана арасында ұшақтар аптасына төрт рет ұшатын болады

© pixabay/gustavmelin0Ұшақ
Ұшақ - Sputnik Қазақстан
Жазылу
ЭКСПО-2017 қарсаңында поляк әуекомпаниясы тұрақты рейстер енгізбекші

АСТАНА, 26 қаң — Sputnik. ҚР азаматтық авиация комитеті Польшаның авиациялық билік өкілдерімен Алматы мен Астанадан Варшаваға және кері бағытта тұрақты түрде рейстер жіберуге келісім жасасты деп хабарлады ҚР инвестиция және даму министрілігі баспасөз қызметі.

Самолет UP CJ 008 авиакомпании Scat - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Scat және Qazaq Air өз борттарында Galaxy Note 7 -ні пайдаланбауды сұрайды

Тараптар өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды, соған сәйкес Қазақстан мен Польшаның тағайындалған әуе компаниялары Астана, Алматы және Варшава қалаларының арасында тұрақты рейстерді жүзеге асыратын болады.

Халықаралық мамандандырылған EXPO-2017 көрмесін өткізу қарсаңында LOT Polish Airlines поляк әуекомпаниясы 2017 жылдың мамырынан бастап Варшава-Астана-Варшава бағытында аптасына төрт рет тұрақты рейстер жіберуді жоспарлап отыр. 

Жаңалықтар
0