Әлем

Қар көшкіні астында қалған италиялық қонақ үйден соңғы екі құрбанның денесі табылды

© AP Photo / Italian Firefighters / ANSAИталиядағы қар көшкіні
Италиядағы қар көшкіні - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Іздеу операциясы аяқталды: 11 аман қалған адам мен 29 құрбанның денесі табылды

АСТАНА, 26 қаң — Sputnik. Бейсенбіге қараған түні Италияда қар көшкіні басып қалған Rigopiano қонақ үйінен соңғы екі құрбанның денесі табылды деп жазады РИА Новости RaiNews24 телеарнасына сілтеме жасап.

Құтқарушылар Италияда көшкін басқан қонақ үйдің астынан күшіктерді тапқан - Sputnik Қазақстан
Видео
Құтқарушылар Италияда көшкін басқан қонақ үйдің астынан күшіктерді тапты

Іздеу-құтқару операциясы аяқталды.

Қайғылы оқиға орын алғаннан соң бір апта ішінде құтқарушылар қар астынан аман қалған 11 адам мен 29 құрбанның денесін алып шықты. Ресми мәліметтерге жүгінсек, қар көшкіні кезінде қонақ үйде 28 турист болған, олардың төртеуі жас сәби, ал қызметкерлер саны – 12. Қонақ үйдің тағы екі қызметкері қар көшкіні кезінде ғимарат сыртында болғандықтан, аман қалыпты. 

Осылайша, із-түссіз жоғалып кеткендер тізімінде бірде-бір адамның есімі қалған жоқ. 

Жаңалықтар
0