АСТАНА, 26 қаң — Sputnik. Республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа-райы сақталады, Батыс облыстарда жауын-шашын болады, деп хабарлайды Қазгидромет метеоқызметі.
Ақмола, Павлодар облыстарында бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с, кей жерлерде 25, күндіз 30 м/с күшейеді.
Алматы облысының кей жерлерінде тұман болады, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, түнде жел 15-20 м/с күшейеді. Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, түнде жел 15-20 м/с күшейеді.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман болып, жел 17-22 м/с күшейеді.
Атырау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ болады, Ақтөбе облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында жел 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күшейеді. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын болып, жел 17-22 м/с күшейеді.