АСТАНА, 25 қаң — Sputnik. Бакуде Каспийдің құқықтық мәртебесі жөніндегі жұмыс тобының қырық сегізінші отырысы басталды. Отырысқа Әзербайжан, Ресей, Иран, Қазақстан және Түркменстанның жұмыс топтарының жетекшілері қатысуда, деп хабарлайды Sputnik Әзербайджан
Сыртқы істер министрінің орынбасары Халаф Халафовтың хабарлауынша, осы жала Астанада өтетін Каспий жөніндегі кезекті саммитте теңіздің мәртебесі белгілі болуы мүмкін. "Келіссөздер үдерісі аясында біз бұрын соңды келісілмеген бірқатар баптарды талқылауды көздеп отырмыз", — деп атап өтті министрдің орынбасары.
Тұжырым жобасының толық келісілуі мемлекет басшылары деңгейінде теңіз мәртебесін анықтау үшін алғышарттар жасайды, дейді Халафов.
Бұл ретте министр орынбасары Әзербайжанның теңіз түбінің таяуда бөлінетініне үміттенетінін және Әзербайжан, Ресей мен Қазақстан араларындағы келісімді негізге алатындарын атап өтті.