Қоғам

Депутат: ең үздік вакциналарды сатып алу қажет

© Sputnik / Игорь Зарембо / Медиабанкке өтуекпе
екпе - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстандықтар препараттардың сапасына күмән келтіргендіктен және БАҚ-тағы жағымсыз ақпаратқа байланысты бас тартып жатыр

АСТАНА, 25 қаң — Sputnik. Қазақстан мәжілісінің депутаттары үкіметке вакциналарды сатып алу тәртібін өзгертуді ұсынды.

Тиісті сауалды сәрсенбі күнгі жалпы отырыста депутат Зағипа Балияева премьер-министр Бақытжан Сағынтаевқа жолдады. 

"Вакцина шығаратын зауыттан кері әсер бермейтін, ДДҰ, ЮНИСЕФ-пен ұсынылған және сертификатталған ең үздік препараттарды сатып алу керек. Бұдан бөлек екпені баланың жағдайын ескеріп салу қажет", — деп мәлім етті Балиева. 

Осы орайда Балиева вакциналарға арналған препараттарды сатып алу ережелеріне вакцинация үшін ең үздік препараттар сатып алу бөлігіне және екпелер алуға рұқсат етілетін және рұқсат етілмейтін куәлікті реттейтін денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің бұйрығына өзгерістер енгізу мәселесін қарастыруды ұсынды. 


Жаңалықтар
0