Қоғам

РФ омбудсмен өкілдері қазақстандықтардың Мәскеудің уақытша қабылдау мекемелерінен іздестіруде

© Sputnik / Игорь Агеенко / Медиабанкке өтуУақытша қабылдау мекемесі
Уақытша қабылдау мекемесі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ресейлік құқық қорғаушылар қазақстандық омбудсменнің сұратуынан кейін заңсыз эксплуатацияланған қазақстандық еңбек мигранттарын іздейтін болды

АСТАНА, 25 қаң — Sputnik. Ресей омбудсмен аппаратының қызметкерлері Қазақстан азаматтарының Мәскеуде құлдыққа тап болғандығы туралы хабардан соң қаланың уақытша қабылдау мекемелерін тексеретін болды деп хабарлайды қазақстандық адам құқығы бойынша уәкілеттінің баспасөз қызметі.

Құлдық - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қазақстандықтар Мәскеуде құлдыққа қалай тап болады

Бұл ақпаратқа сәйкес, 24 қаңтар күні РФ-дағы адам құқығы бойынша уәкілетті Татьяна Москалькова Мәскеудегі адам құқығы бойынша уәкілетті мен Ресей ІІМ көші-қон мәселесі жөніндегі бас басқарманың басшысынан құлдыққа ұшыраған Қазақстан азаматтарынан түскен арыздардың саны туралы сұрастырып білді.

"Бұдан бөлек, 25 қаңтар күні РФ адам құқығы бойына Уәкілетті аппаратының бір топ қызметкері Мәскеудің әр түрлі сауда орындарында жұмысқа салынып, бостандығынан айырылған Қазақстан Республикасы азаматтарын анықтау мақсатында Мәскеу қаласы және облысы бойынша шетелдік азаматтарды уақытша қабылдау арнайы мекемелерін тексеріп шығатын болады", — делінген ҚР омбудсмені сайтындағы хабарламада. 

Жаңалықтар
0