Әлем

Италиядағы қар көшкінінің құрбандар саны 18-ге жетті

© AP Photo / Italian Firefighters / ANSAИталиядағы қар көшкіні
Италиядағы қар көшкіні - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бір апта ішінде құтқарушылар аман қалған 11 адамды құтқарып алды, тағы 11 адам жоғалып кетті деген тізімде

АСТАНА, 25 қаң — Sputnik. Италияда Rigopiano тау қонақ үйін басып қалған қар көшкіні салдарынан қаза тапқандар саны 18 адамға жетті деп жазады РИА Новости.

Сейсенбі күні кешке өрт сөндірушілер қар астынан тағы бір адамның өлі денесін алып шықты деп хабарлады Пескара провинциясының префектурасы.

Құтқарушылар Италияда көшкін басқан қонақ үйдің астынан күшіктерді тапқан - Sputnik Қазақстан
Видео
Құтқарушылар Италияда көшкін басқан қонақ үйдің астынан күшіктерді тапты

ТЖ Аруццо облысы Фариндола қаласы маңындағы Гран-Сассо таулы аймағында 18 қаңтар күні болды. Жер сілкінісі салдарынан туындаған қар көшкіні Rigopiano қонақ үйін басып қалған еді. Ғимаратта 40 адам болған.

Осы күндер аралығында құтқарушылар қар астынан 11 адамды құтқарып алды. Қазіргі уақытта 11 адам ресми түрде із-түссіз жоғалып кеткен деп саналады. 

Жаңалықтар
0