Саясат

ОСК: депутат Жамалов Конституцияны бұзған жоқ

© Sputnik / Болат ШайхиновҚР парламент мәжілісінің депутаты Аманжан Жамалов
ҚР парламент мәжілісінің депутаты Аманжан Жамалов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов Орталық сайлау комиссиясына Қазақстан конституциясының талаптарын бұзбағанын дәлелдеді

АСТАНА, 24 қаң — Sputnik. Орталық сайлау комиссиясы парламент мәжілісінің депутаты Аманжан Жамаловқа қатысты тексеру жүргізді.

Тексеруге БАҚ-тың бірінде Жамаловтың депутат бола тұра кәсіпкерлік қызметпен айналысуды жалғасырып жатыр деген мақаланың шығуы себеп болған. Дегенмен мәжілісменнің өзі ОСК отырысында өзінің тарапынан бұзушылықтардың жоғын алға тартқан. 

"Комиссия мүшелері тексеруді толық көлемде жүзеге асырды. Жамаловтың өз мүлкін сенімгерлік басқаруға беруге қатысты заңнамада белгіленген іс-қимылдарды уақтылы және заңнамаға сәйкес жүргізгенін растады. Жамаловтың Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабы 3-тармағының талаптарын бұзбаған деген қорытындыға келді", — делінген Орталық сайлау комиссиясының мәлімдемесінде.


Жаңалықтар
0