Қоғам

ҚР-да жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарнасын төлеуі кейінге қалдырылуы мүмкін

© Sputnik / Анатолий УстиненкоЗейнеткерлер
Зейнеткерлер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстандағы жұмыс берушілер 2018 жылы 1 қаңтардан бастап әр жұмысшының жалақысынан бес пайыз БЖЗҚ-ға аударатын болады

АСТАНА, 24 қаң — Sputnik.  Қазақстанда жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарнасын енгізу мерзімі кейінге шегерілуі мүмкн деп хабарлады сейсенбі күні денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова.

Зейнеткер - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Дүйсенова зейнетақы мен балалар жәрдемақысы біртіндеп ұлғаятынын айтты

Оның сөзіне сүйенсек, бұл жаңадан енгізілуді бір жылдан екі жылға дейінгі мерзімге шегеру туралы ұсыныстар бар көрінеді. "Қаржылық ахуал мен экономика министрлігі құрып жатқан экономикалық даму стратегиясын ескере отырып, бірігіп қарастырамыз да, хабарын береміз", — деді министр.

Бұдан бұрын жұмыс берушінің қосымша беспайыздық міндетті зейнетақы жарнасын орнату арқылы жаңа шартты-жинақтық зейнетақы жүйесін енгізу туралы шешім қабылданған еді. Қазіргі уақытта қазақстандық зейнеткерлерге зейнетақының үш түрі төленеді: ортақ, базалық және жинақтық. 

Жаңалықтар
0