Қоғам

Астанада Алау эстафетасы кезінде қай көшелер уақытша жабылады

© Sputnik / Болат ШайхиновАстана
Астана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Таңертең 10-нан 12:30-ға дейін және 12:45-тен күндіз сағат үшке дейін көшелер жартылай жабылады

АСТАНА, 24 қаң — Sputnik.  2017 жылдың 25 қаңтар күні Астана қаласында 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиада-2017 Алауының Эстафетасы өтеді, соған байланысты кейбір көшелер уақытша жабылады деп хабарлады әкімшілік баспасөз қызметі.

Алматы - Sputnik Қазақстан
Спорт
Көлік жүргізушілеріне Универсиада-2017 кезінде автобуспен жүруге кеңес берілді

Қозғалыс көліктердің барлық түрі үшін шектеледі:

10:00-ден 12:30-ға дейін:

— Қабанбай батыр даңғылында Тұрар Рысқұлов көшесінен бастап, Достық көшесіне дейін;

— Достық көшесінде Қабанбай батыр даңғылынан бастап, Түркістан көшесіне дейін.

12:45-дан 15:00-ға дейін:

— Д. Қонаев көшесінде Түркістан көшесінен бастап, Қабанбай батыр даңғылына дейін;

— Қабанбай батыр даңғылында Д. Қонаев көшесінен бастап, "Рамстор" СО-ның автотұрақ аумағына дейін (Республика даңғ.);

— Республика даңғылында "Рамстор" СО-ның автотұрақ аумағынан бастап, Кенесары көшесіне дейін;

— Кенесары көшесінде Республика даңғылынан бастап, Астана қаласының ескі алаңына дейінгі аумақта.

Астана қаласының ІІД Жергілікті полиция қызметі уақытша шектеуге жүргізушілерден түсінушілікпен қарап, айналып өтудің балама жолдарын алдын-ала жоспарлауды сұрайды.

Жаңалықтар
0