Спорт

БАҚ: GGG мен Сондерс Қазақстанда жұдырықтасады

© AP Photo / Rich SchultzГеннадий Головкин
Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Британдық Билли Джо Сондерс Геннадий Головкиннің қанжығасына ілінбеген жалғыз чемпиондық атақ – Әлемдік бокс ұйымы белдігінің иегері

АСТАНА, 24 қаң — Sputnik. WBA (Super), IBO, WBC және IBF бойынша орташа салмақ дәрежесінде әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен осы салмақ дәрежесінде WBO белдігінің иегері британдық Билли Джо Сондерс жекпе-жегі Қазақстанда жазда болатын болды деп мәлімдеді Boxing Legends TV ғаламтор арнасының ресми Twitter парақшасы.

Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Спорт
Головкин Джейкобспен жекпе-жекке шығатынын мәлімдеді

"Билли Джо Сондерстің Геннадий Головкинге қарсы жекпе-жегі жазда Қазақстанда өтеді", — делінген твитте.

Бұдан бұрын Головкин бұл жекпе-жектің Қазақстанда өтуін қалайтындығын бірнеше мәрте айтқан болатын. Сонымен бірге, бұл кездесуді осы жылы Астанада өтетін халықаралық мамандандырылған көрме ЭКСПО 2017 аясында ұйымдастыруға болатынын да жеткізген. 

Жаңалықтар
0