АСТАНА, 24 қаң — Sputnik. БҰҰ-ның Сирия бойынша арнаулы өкілі Стаффан де Мистура Астанадағы келіссөздерге байланысты оптимистік көзқараста.
"Келіссөздердің аяқталу мерзімі ары қарайғы талқылауларға байланысты. Бірақ өзім оптимистік көзқарастамын", — деді де Мистура тілшілерге.
Дүйсенбі күні Астанада Сириядағы ахуалды реттеу бойынша келіссөздер басталды. Ресей, Түркия және Иран бастамасымен ұйымдастырылған келіссөзде Башар Асадтың үкіметі мен қаруланған оппозиция алғаш рет бір үстел басында кездесті.