АСТАНА, 24 қаң — Sputnik. Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген танымал вокалдық телеконкурс "I am a singer" музыкалық байқауына қатысуда.
22 жасар әнші француз тілінде Грегори Лемарштың танымал туындысын "SOS d'unterrienendétresse" орындап, бірінші кезеңнің жеңімпазы атанды.
Келесі кезеңде Димаш Құдайберген алты ән орындады – үшеуі ағылшынша, үшеуі әлемнің басқа тілдерінде. Бұдан бөлек, ол HunanTV телеарнасына шақырту алды деп хабарлайды ҚР мәдениет және спорт министрлігі баспасөз қызметі.