Оқиға

Боксшы чемпиондар Astana Arlans клубын сотқа берді

Жазылу
Бокс клубына қатысты іс бойынша шағымданушы ретінде 24 спортшы өтіп жатыр

АСТАНА, 24 қаң — Sputnik. Astana Arlans боксшылары сыйақы төлемегені үшін клубты сотқа берді, деп жазады Sports.kz.

"Астана" президенттік клубының құрамына кіретін Astana Arlans кәсіби бокс клубына қатысты іс Астана қаласы Есіл аудандық сотында қаралып жатыр. 

Шағымданушылардың наразылығы Дүниежүзілік бокс сериясы WSB бесінші маусымындағы жеңіс үшін AIBA тарапынан Astana Arlans клубына 400 мың АҚШ доллары көлемінде сыйақы аударылып, алайда ол ақшаның бапкерлер мен спортшыларға жетпегеніне байланысты болып отыр. 

Мәселені мәдениетті түрде шешуге тырысқаннан кейін, чемпиондар сотқа жүгінген.

Іс бойынша 24 адам шағым түсірген, олардың арасында Ерік Әлжанов, Самат Башенов, Бейбіт Есжанов, Мардан Берікбаев, Жомарт Ержан, Мұхамеджан Еркін, Қайрат Ералиев, Мирас Жақыпов, Нұрдәулет Жарманов, Ержан Мүсәпіров, Закир Сайфуллин және Мейірболат Тоитов бар.

Сый ақыдан бөлек олар Astana Arlans клубынан әр қайсысына 200 000 мың теңге көлемінде моральдық шығын  өтеуін талап етіп отыр. 


Жаңалықтар
0