Қоғам

Абаев қазақтар мен қытайлар арасындағы некеге тұру статистикасы туралы айтып берді

© Public Domainүйлену тойы
үйлену тойы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жарияланған деректерге сəйкес, алты жыл ішінде 250-ден астам қазақстандық қыз Қытай азаматтарына тұрмысқа шыққан

АСТАНА, 23 қаң – Sputnik Қазақстанның ақпарат жəне коммуникациялар министрі Дәурен Абаев қытайлар мен қазақтар арасындағы некеге тұру бойынша деректер жариялады. Өзінің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында Абаев жұмыс барысында Статистика комитетінің мынадай бір деректерін кездестіргенін хабарлады.

Оның пікірінше, бұл цифрлар осыған дейін Фейсбукте қызу талқыланған мәселеге қатысты болғандықтан, оқырмандарға маңызды болуы мүмкін.

"Қарап отырсақ, 2010 жылдан бастап 2016 жылғы сәуір айына дейін ҚХР азаматтарына 253 қазақстандық тұрмысқа шыққан көрінеді. Соның ішінде, 190 қазақ қызын Қытайда тұратын өз қандастарымыз, яғни қазақ жігіттері жар еткен. Осы уақыт ішінде, яғни алты жылда этникалық қытайлармен некеге тұрған қыздар саны – небәрі 34.

Ал, осы кезең ішінде Қазақстанның 277 азаматы ҚХР қыздарына үйленген. Соның ішінде 244-і — Қытайда тұратын қазақ қыздарымен бас құраған қазақ жігіттері", — деп жазды Абаев. 


Жаңалықтар
0