АСТАНА, 23 қаң — Sputnik. Ақмола облысында қашып кеткен 16 жасар оқушы қыз Шымкенттен табылып, ата-анасына қайтарылды деп хабарлады өңірдің білім беру басқармасы Sputnik Қазақстан агенттігіне.
"Қазіргі уақытта 16 жасар оқушы қыз үйінде, ата-анасының қасында. Ертеңнен бастап мектепке барады. Қызды жас жігіт алып қашыпты, екеуі үйленбек болған екен", — деп хабарлады білім беру басқармасы бөлімінің бастығы Наталья Степанова.
Степанованың сөзіне сүйенсек, оқушы қызды тіркеуге алмайды, өйткені болған оқиға құқық бұзушылық емес. Ол, сонымен бірге, қыздың ауқатты отбасыдан шыққандығын айтты.
Полиция бұл оқиға бойынша тексеру жүргізуде.