Экономика

Елбасы: бизнестің мемлекет қамқорлығына жауап беретін кезі келді

© Photo : Официальный сайт президента Республики КазахстанНұрсұлтан Назарбаевтың Тимур Құлыбаев және Абылай Мырзахметовпен кездесуі
Нұрсұлтан Назарбаевтың Тимур Құлыбаев және Абылай Мырзахметовпен кездесуі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан басшысы "Атамекен" ҰКП басшылығымен кездесу барысында мемлекет тарапынан бизнеске қолдау көрсету шаралары туралы еске салып, кәсіпкерлерді Қазақстанның ЖІӨ-дегі үлесін өсіруге шақырды

АСТАНА, 23 қаң — Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының басшылығымен кездесті деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі.

Республика-Өңір-Даму Қоғамдық қорының президенті Ғалым Байтүк - Sputnik Қазақстан
Фото
Астанадағы "7 континент" БО кәсіпкерлері рейдерлік басып алу туралы мәлімдейді

Кездесу барысында президиум төрағасы Тимур Құлыбаев пен басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов мемлекет басшысына Ұлттық палатаның 2016 жылғы қызметінің қорытындысы, республикадағы іскерлік қауымдастықтың дамуы және алдағы кезеңге жасалынған жоспар туралы баяндады.

Қазақстан президенті атап өткендей, үкімет бизнесті қолдау үшін үнемі табанды жұмыс істеп келеді.

"Бизнестің мемлекет тарапынан көрсетілген қамқорлық пен қолдауға жауап беретін сәті келді. Азаматтарды кәсіпкерлік саласына үнемі жұмылдыру, оның ел экономикасындағы үлесін арттыру бойынша тыңғылықты жұмыс атқарылуы тиіс", — деді Қазақстан президенті.

Палата басшылығы берген мәліметке сүйенсек, қазіргі уақытта шағын және орта бизнес үлесі ЖІӨ-нің 25%-н құрайды, онда 3 миллионнан астам адам еңбек етуде. 2016 жылы 11,2 трлн теңгеге өнім шығарылды, бұл 2015 жылмен салыстырғанда 6%-ға көп. 

Жаңалықтар
0