АСТАНА, 23 қаң — Sputnik. Қытайлық Ухань қаласында бақылаудағы жарылыспен бірден 19 көпқабатты үйді құлатты, деп жазады РИА Новости The Daily Mail басылымына сілтеме жасай отырып.
150 мың шаршы метр аумағында орналасқан бетон құрылысын бірден құлату үшін бес тоннаға жуық тротил жұмсалды. Жарылғышты шамамен ғимараттың 120 мың жеріне қойған. Басылымның атап өтуінше, 12 қабатты үйдің жарылысы 21 қаңтарда орын алды.
Қиратылған ғимараттар орнына бизнес квартал тұрғызу жоспарланып отыр. Ол жерге сондай-ақ, биіктігі 707 метр болатын ғимарат салынады.