Спорт

"Сарыарқа" ЖХЛ жүйелі маусымында екінші орынға шықты

Жазылу
Көшпелі матчта хоккей Тверь клубын жеңу қарағандылық "Сарыарқаға" ЖХЛ көшбасшылар үштігінде бір сатыға көтерілуге мүмкіндік берді

АСТАНА, 23 қаң — Sputnik. Қарағандылық хоккей клубы "Сарыарқа" жексенбі күні Тверьде өткен Жоғары хоккей лигасы жүйелі маусымының кезекті көшпелі матчтан кейін екінші орынға көтерілді. Қарағандылықтар негізгі уақытта 4:2 есебімен жеңіске жетті. Бірінші кезеңнен кейін қонақтар Даниил Ердаковтың голының арқасында 1:0 есебімен алды келді. Екінші жиырма минутта Иван Фищенко мен Сергей Банашков "Сарыарқаны" тағы алға шығарды. 

Қорытынды үшінші матчта  Александр Дельнов пен Дмитрий Бойчук алшақтықты қысқартты. Содан кейін ойынның соңғы минутында Евгений Орлов "Сарыарқаның" пайдасына соңғы есеп орнатты. 

Осы ойында үш бал жинаған Сарыарқа ұпайын 87 баллға жеткізді. Осылайша ұпай бойынша санкт-петербургтік "СКА-Невумен" теңесті. Ұпай теңдігінде қарағандылықтардың жеңісі көптеу, сондықтан олар жоғары тұрады. 

Жаңалықтар
0