АСТАНА, 23 қаң — Sputnik. Республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты, кей жерлерде қар жауады, бұрқасын, тұман, көктайғақ болып, жел күшейеді, деп хабарлайды Қазгидромет метеоқызметі.
Ақмола, Павлодар облыстарында жел 15-20 м/с, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с күшейеді, бұрқасын, кей жерлерде күшті бұрқасын болады. Алматы облысында күндіз жел 15-20 м/с, Жалаңашкөл ауданында 20-25 м/с күшейеді, түнде кей жерлерде тұман болады.
Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, бұрқасын, жел 15-20 м/с, екпіні 23-28 күшейеді. Оңтүстік Қазақстан облының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20, таңертең және күндіз екпіні 25 м/с күшейеді.
Атырау облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ болып, жел 15-20 м/с күшейеді. Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде бұрқасын бақыланып, жел 15-25 м/с күшейеді. Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе обылыстарыныңкей жерлерінде бұрқасын, жел 15-20 м/с күшейеді.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде — бұрқасын, тұман, көктайғақболып, жел 15-20 м/с күшейеді. Қарағанды облысында- жел 15-20, кей жерлерде екпіні 25 м/с күшейеді, кей жерлерде бұрқасын, тұман, көктайғақ болады.